Асқар Тақсымов Нұр-Сұлтан әкімдігінің iKOMEK109 орталығына басшысы болды

29 Маусым 2022, 12:10 1306

Ол еңбек жолын 2007 жылы бастаған

«Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ бұйрығымен Асқар Тақсымов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Асқар Тақсымов 1987 жылы Целиноград қаласында дүниеге келді. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы University College London (UCL) түлегі.

Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Мемлекеттік және жекеменшік секторларда түрлі қызметтерді атқарды.

2018-2019 жылдары «Nazarbayev University» ДББҰ Технопаркінің директоры болды.

2019-2021 жылдары «Astana innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу: