Асқар Омаров БАҚ өкілдерімен медиа заңнаманы қайта қараудың тәсілдерін талқылады

25 Маусым 2022, 13:07 1845

Талқылауға үкіметтік емес ұйымдардың, телеарналардың, баспа басылымдарының және интернет-ресурстардың өкілдері қатысты

Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қаланың БАҚ өкілдерімен медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдерін талқылады, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Асқар Омаров өз сөзінде жаңа заңда реттеуді талап ететін жұмыс тобы әзірлеген бағыттар туралы айтып берді.

«Заң жобасын әзірлеуді біз барлық мүдделі тұлғаларды тарта отырып, ашық және айқын жүргізіп жатырмыз»,- деп атап өтті министр.

Іс-шара барысында кез келген адам талқылау үшін өз ұсыныстарын енгізді. Қорытындылай келе, министр заң жобасын талқылау ашық форматта өтетінін және ашық кездесулер тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.

Бөлісу: