Асқар Умаров үкіметтік емес сектор өкілдерімен кездесті

24 Тамыз 2022, 21:42 1878

Министрлік қызметінің басты бағыттарының бірі – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара ынтымақтастығының тиімді моделін құру.

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Омаров Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында ҮЕҰ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар ҮЕҰ-ны грант арқылы қаржыландыру, волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты жұмыстар, сондай-ақ, АҚДМ қаржыландыратын гранттық жобаларды іске асыру барысын талқылады.

Министрлік қызметінің басты бағыттарының бірі – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара ынтымақтастығының тиімді моделін құру. Осы ретте мемлекет үкіметтік емес секторды мықты серіктес деп біледі. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы берілетін гранттар үкіметтік емес ұйымдар үшін қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде, азаматтық бастамаларды қалыптастыруда үлкен қолдау, - деді Асқар Омаров.

Мадияр Қожахмет шара аясында үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру бағытындағы жұмыстардың барысы туралы айтып берді.

EL.KZ
Бөлісу: