02.09.2022
18:20
2279
Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды

Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды.