Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлы сот залында төбелес шығарды

20 Маусым 2023, 18:35 13466

Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын 8 жылға соттады. Әкесіне қатысты шешімді естігенде ұлы  Дінмұхамед Мұхамеди төбелес шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Баласы сот кезінде «Позор» деп айғалады. Кейін сот залынан экс-министрді алып шыға келе жатқанда, ұлы әкесіне қарай ұмтылды. Бірақ құқық қорғау органдары итеріп, арашалап алды.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылғ,а бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Оған "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: