14.02.2023
12:31
1162
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамау мерзімі тағы ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамау мерзімі тағы ұзартылды

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қамау мерзімі екі айға ұзартылды.

"2023 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты", - делінген хабарламада.