ArtSport-тың жағдайы не болып жатыр? Сәрсен Құранбек жауап берді

20 Маусым 2023, 12:23 928

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «ArtSport» бағдарламасын жетілдіру туралы мәселелер талқыланып жатыр. Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Балалардың спортпен және шығармашылықпен айналысуға тарту мақсатында 2021 жылы мамырда бастау алған мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс 2023 жылы өз жалғасын тапты. Биыл жергілікті атқарушы органдардың тарапынан мемлекеттік тапсырысты 560 мыңнан аса баланы қамту үшін 86,7 миллиард теңге ақша қарастырылды. Нәтижесінде бүгінгі таңда 4-17 жас аралығындағы 375 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдердің спор және шығармашылықпен айналысуы үшін арнайы ваучерлер қосылып, 8353 спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелері жұмыс істеп жатыр, - деді вице-министр.

Оның айтуынша, үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, бюджет заңнамасын ескере отырып, әкімдіктерге платформаларды өздері таңдау құқығы берілген.
Аталған конкурстық рәсімдерге аса көп көңіл бөлінгенін ескеріп, бірқатар тұлғалар конкурстық рәсімдерді бұзуға тырысты.

Мәселен, бірқатар өңірлер жоспарланған мерзімнен 5 айға кейін шарт жасасты. Бас прокуратураның нұсқаулығына сәйкес, бұрын қолданыста болған платформаның заң талартарына сәйкес келмеуі әкімдіктердің функцияларды орындау кезінде бірқатар проблемаға әкеліп соқты, - деді Сәрсен Құранбек.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: