Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстанның алғашқы жүлдегері - Эдуард Ким техникалық соло сайысын тәмамдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаттығу қорытындысы бойынша отандық спортшы төрешілердің 217.7084 ұпайына ие болды. Осылайша Эдуард Ким 217.7084 ұпаймен тоғызыншы орынға табан тіреді. Ал Александр Мальцев (Ресей) 251.7133 ұпаймен алтын медальді жеңіп алды. Испаниялық Деннис Гонзалес екінші орынға ие болды (241.1667 ұпай). Қола жүлде Диего Виллалобосқа (Мексика) бұйырды (238.1600 ұпай).
Дәл осы күні отандық тағы бір спортшы Карина Магрупова әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасының финалында ел намысын қорғады. Отандасымыз 233.5199 ұпай жинап, 11-орынды иеленді.
Қытайлық Хуиянь Сюй бірінші орынға ие болды - 272.9917. Күміс жүлде Василина Хандошкаға (Ресей) бұйырды - 260.5416. Ал Ирис Тио Касас (Испания) 260.2917 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.
Біз бұған дейін Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына өткенін жазған болатынбыз.