Аршалыда төтенше жағдай жарияланды

12 Қараша 2022, 00:15 13155

ТЖ туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған Аршалы ауданы әкімінің шешімінде жазылған

Ақмола облысының Аршалы кентіндегі жылыту қазандығынан шыққан апатқа байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланды, деп жазады El.kz.

Жергілікті ауқымдағы ТЖ туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған Аршалы ауданы әкімінің шешімінде жазылған.

Астана қаласындағы 2-ші жылу электр орталығында тіркелген апат себебіне байланысты 9 қазанда Аршалы ауданы жарықсыз қалған. 

«9 қарашада сағат 4:00 шамасында Астана қаласының 2-ЖЭО-дағы апатқа байланысты Аршалы ауданы аумағындағы негізгі электр желісі токтан ажыратылды. Резервтік желіні қосқаннан кейін Аршалы кентінің қазандықтарының орталық сорғылары өртеніп, істен шыққаны анықталды. 9 қарашада сағат 21:00-де Жібек жолы ауылдық округінде 6 тереңнен су сору құрылғысының жұмысы қалпына келтірілді. Халыққа су беру 10 қарашада сағат 5:00-де қалпына келтірілді. 11 қарашада тағы 2 тереңдік сорғы құрылғысы орнатылды», - деп мәлімдеді Аршалы ауданының баспасөз қызметінен.

EL.KZ
Бөлісу: