"АрселорМиттал Теміртауға" 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

20 Наурыз 2023, 10:33 767

Кәсіпорынның объектілері мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолданып келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды аумақтық департаментінің барлық қызметкерлері жеті шахта мен "Восточный" орталық байыту фабрикасының қызметін тексеруге жұмылдырылды. Сегіз объектіде тексеру мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолдану дерегі анықталды.

Бұл өлшеу құралдарының дұрыс емес нәтиже көрсетуінен жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау қамтамасыз етілмеген және бұл жерасты тәсілімен тас көмірін өндіруді жүзеге асыратын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, - деп атап өтті Комитет Төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Қарағанды облысы прокуратурасының ұсынысы мен материалдарының негізінде "АрселорМиттал Теміртау" Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Қарағанды Департаменті кәсіпорынға қатысты заңнаманы бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Жеке ұсыныс енгізді, олар бүгінгі күні жойылды.

Сондай-ақ, тексеріспен "АрселорМиттал Теміртауда" тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру кезінде мемлекеттік реттеуге жатпайтын өлшеулер жүргізілетіні анықталды, өйткені өлшеулердің салалық тізбелеріне енгізілмеген. Бұл Өлшемдер Қауіпсіздік пен еңбек жағдайларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Департамент өлшемдер тізбесін одан әрі қарау және оларды салалық мемлекеттік органдар бекіту үшін кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындады.

 

EL.KZ
Бөлісу: