«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz компанияға сілтеме жасап.
«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген хабарламада.