Бұқаралық ақпарат құралында Владислав Челахтың мәлімдемесі тарады
Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Арқанкерген ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтан арыз түскенін растады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Оның арызы бас прокуратураға түсті. Біз оны тағы қосымша зерделейміз. Себебі бұл істің қаралғанына он жыл болды. Қажет болса, одан жауап алынады", - деді Тәшімбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралында Владислав Челахтың мәлімдемесі тарады. Ол Арқанкергендегі оқиға шын мәнінде қалай болғанын айтамын деп отыр.
2012 жылы шекарашы Владислав Челах 17 әскери қызметші мен бір қорықшыны өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.
Аппеляцияға берген. Бірақ соттың үкімі өзгеріссіз қалды.