24.11.2022
10:18
1659
Арқалықтағы жылу электр орталығында апат болды

Арқалықтағы жылу электр орталығында апат болды

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Сағат 17.00 шамасында қалалық ЖЭО-ның жылу қазандығында ауқымды емес жарылыс болды. Салдарынан қазандықтың қаптамасы бұзылды. Су жылытатын – екінші және үш бу қазандығы бүлінген жоқ. Қаза болғандар және жұмысшылар арасында зардап шеккендер жоқ. Аталған ақау жылу мен су беруге әсер етпейді», - деді Арқалы қаласы әкімдігінен.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, жөндеу шаралары жұмыс тәртібімен атқарылатын болады.

Айта кетейік, Арқалық жылу электр орталығы ауқымды реконструкциядан кейін былтырғы күзде іске қосылған болатын. Бұл ЖЭО-ға мазуттан көмірге көшуге мүмкіндік берді.