Арқалықтағы сенбілікте 500 тонна қоқыс шығарылды

14 Шілде, 07:11 721

Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тазалық жұмыстарына 1200-ге тарта адам қатысып, 500 тоннаға жуық қалдық шығарылды.

Экошарада шаһар басшысы Әмірхан Асанов көпшілікті игі іске атсалысуға шақырды. Науқан шеңберінде орталық саябақ аумағы, су айдындары қоқыстан тазартылды. Елді мекенді абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Перизат Саденова
Бөлісу: