Арнайы мамандар Бишімбаевтың телефонын аша алмай отыр

22 Сәуір, 12:46 1618

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында судья Айжан Құлбаева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандары оның ұялы телефонының құпия сөзін аша алмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Судья Құлбаева соталды тергеп-тексеру барысында Бишімбаевтың ұялы телефоны заттай айғақ ретінде танылғанын атап өтті.

Оның сөзінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 375-бабына сәйкес заттай дәлелдемелерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде жүргізіледі. Осы телефон бойынша соталды тергеу барысында ҰҚК 5-ші қызметінің 12-ші департаменті зерттеу жүргізді.

IPhone 13 Pro Max ұялы телефонында алты таңбалы код-пароль қойылған деген қорытынды шығарылды. Код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады, - деді судья.

Сонымен қатар, Айжан Құлбаев сот тергеуінің осы сатысында ұялы телефон ашылмағандықтан, зерттеу жүргізілмегенін атап өтті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: