Арменияның парламент делегациясының мүшелері елорданың Ассамблеясында болды

24 Мамыр 2019, 17:08 4631

Елорданың Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы және Нұр-Сұлтан қаласы «Ван» армян этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Арменияның парламенттік делегациясының мүшелері армян этномәдени орталығының, жексенбілік мектептің және ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілдерімен кездесті.

Іс-шараға қатысушылар Достық үйіндегі «Аналар аманаты» мұражайы мен жас суретшілер көрмесін аралап көріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы этномәдени бірлестіктердің жұмыс орнымен танысып, пікір алмасу алаңында бас қосты.

 

Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу барысында тараптар       Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы «Ван» армян этномәдени орталығының, жексенбілік мектептің жұмысын талқылап, өзекті мәселелерді шешу және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша өз ойларын ортаға салды.

«Ван» армян этномәдени орталығының төрағасы С. Салумян: «Қазақстандықтар әрқашан армян диаспорасын қолдап, көмектерін аямаған және бұл, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының, кейін бауырлас екі ел – Қазақстан мен Армения президенттерінің достық байланыстарының арқасы», - деп атап өтті.

Кездесу елордалық «Ван» армян этномәдени орталығы шығармашылық топтарының концертімен жалғасты. Армения делегациясы барша қазақ еліне, Қазақстан халқы Ассамблеясына және ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, диаспоралардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасап отырғандығына зор алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына ссәйкес, аталған іс-шара жалпы армян этномәдени бірлестігінің жұмысын жақсарту, қазақ-армян байланыстарын, достық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Бөлісу: