Арменияның Елшісі Көкшетауда оқушыларға сабақ өткізді

11 Қыркүйек 2018, 03:50 1640

Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ара Саакян мырза Көкшетау қаласының қоғамдық келісім сарайында болып қайтты.

Мәртебелі ммейманды ҚХАА Хатшылығының меңгерушісі Р. Галлямов, «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ-нің төрағасы Н.Магламян, армян этномәдение орталығының өкілдері қарсы алып, Достық үйінде арнайы экскурсия ұйымдастырды. 
Сонымен қатар Ара Акопович армян тілі сыныбында оқушыларға барып, Қазақстан халқы Тілдер күніне орай ашық сабақ өткізді. Оның барысында Елші оқушылармен әңгімелесіп, сұрақтар қойды.

Армян тілінің оқытушысы Р. В. Дегоян армян ұлтының балалары асқан қызығушылықпен туған тілдерін меңгеріп жатқандығын айтып өтті. Іс-шара конференц-залында концерттік бағдарламамен жалғасты. Балалар ән салып, би билеп, қонақтар назарына театрландырылған қойылым ұсынылды.

 

Бөлісу: