Армения Таулы Карабахты Әзербайжанның жері деп мойындауға дайын – Пашинян

22 Мамыр 2023, 17:09 593

Армения Таулы Карабахты армян халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен Әзербайжанның бір бөлігі деп тануға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Новости-Армения» халықаралық ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мойындауға дайын Әзербайжан аумағының 86,6 мың шаршы шақырымына Таулы Карабах та кіретінін айтты.

Егер біз бұл мәселеде бір-бірімізді дұрыс түсінетін болсақ, онда Армения Әзербайжанның 86,6 мың шаршы шақырымдық аумақтық тұтастығын мойындауға дайын, ал біздің түсінігіміз бойынша Әзербайжан Арменияның 29,8 мың шаршы шақырымдық аумақтық тұтастығын мойындауға дайын. 86,6 мың шаршы шақырымға Таулы Карабах та кіреді. Бірақ бұл ретте Таулы Карабах халқының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесі Степанакерт-Баку диалог форматында талқылануы тиіс деп айтамыз, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: