Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБұғаттау туралы шешімді «көрсетілмеген мемлекеттік орган» қабылдаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Arbat.Media порталы Ресейде бұғатталды. Бұл туралы сайт қызметкерлері мәлімдеді.
Біздің порталды Ресей аумағында бұғаттау туралы шешімді «көрсетілмеген мемлекеттік орган» қабылдаған. «Роскомсвобода» болжамынша, әңгіме елдің Бас прокуратурасы жайлы, - деді Arbat.Media тілшілері.
БАҚ өкілінің мәліметінше, 2023 жылғы 17 ақпанда Arbat.media-ны Украина жайлы мақалаға байланысты Владимир қаласының Ленин аудандық сотына шақыртқан.
Басылым «Украинадағы соғыс туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқаны» үшін айыпталған.
2022 жылғы қарашада Роскомнадзор Arbat.Media-дан «арнайы операциядағы» жағдай туралы жазылған мақаланы өшіруді талап еткен.
Arbat.Media-ның бас редакторы Сырым Итқұловтың айтуынша, сайт оқырмандарының 40%-ін ресейліктер құрайды.
Айта кетейік, Қазақстандағы ықпалды кәсіпкерлердің бірі Арманжан Байтасов Arbat.Media-ның таныстырылымын 2022 жылғы 15 наурызда өткізді. БАҚ Tan Media Group-тің құрамына кіреді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес