Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

8 Қазан, 16:04 8941

Танымал сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылайдың өлімі кісі қолынан болуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова желіде жазба жариялап, Абылайдың кісі қолынан қаза болғанын жазды. 

Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу, айналайын, Алла сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды өнер иесі.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: