03.05.2024
18:45
2340
«Арктикалық суық келе жатыр». Елімізде қайта күн суытады

«Арктикалық суық келе жатыр». Елімізде қайта күн суытады

Синоптиктер алдағы күндері күн қайта суытатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанға 4-6 мамырда қайта арктикалық салқын түседі. Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.

Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуы Қазақстан аумағына жауын-шашын әкеледі. Ал Баренц теңізінен суық ауа массаларының әсер етуі алдымен солтүстік-батыста, солтүстікте, сосын республика орталығында ауа температурасын төмендетеді.

Түнгі уақытта ауа температурасы нөлге дейін төмендеп, жаңбырдың соңы қарға ұласады деп күтілуде. Дегенмен оңтүстік аймақтарда мол жауын-шашын түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жауатынына қарамастан, көктемгі жылу сақталады деп болжанып отыр.