Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Мемлекет басшысының жарлығымен Аркен Арыстанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарған Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов лауазымдарынан босатылды.