10.02.2026
15:24
3258
Әріптер дизайны: брендіңізді қалыптастыруда дұрыс шрифт неліктен маңызды

Әріптер дизайны: брендіңізді қалыптастыруда дұрыс шрифт неліктен маңызды

Әріптер мен сөздер – иллюстрация, фото немесе пиктограмма секілді дизайнның толыққанды элементі. Жарнамалық плакаттарда, қаптамада және әлеуметтік желілерге арналған креативтерде мәтін бір мезетте әрі мазмұнды, әрі визуалды пішінді атқарады.

Әріптердің формасымен, қалыңдығымен және орналасуымен жасалған батыл тәжірибелер брендке көзге түсуге, аудитория назарын аударуға көмектеседі. Бұл материалда біз әріптік дизайнның креативті үлгілерін жинақтадық. Танысып көріңіз, бәлкім сізге де пайдасы тиіп қалар.

Оқи отырыңыз:

Шрифтік композицияларды қалай қолдануға болады

Шрифтік композициялардың қолданылу аясы өте кең. Оларға жарнамалық баннерлер, маңдайшалар, логотиптер, баспа және цифрлық материалдар – қысқасы, мәтін орналастыруға болатын кез келген бренд өнімі жатады.

Helvetica немесе Montserrat секілді бір ғана шрифт гарнитурасын кеңістікте ерекше тәсілмен орналастыруға болады. Сондай-ақ бір шрифттің әртүрлі қалыңдығын, өлшемін (кегль) қолдану тиімді. Бұл – дизайнға енді ғана бет бұрған адамдар үшін «қауіпсіз» нұсқа: бір гарнитураға жататын әріптер бір-бірімен үйлесімді көрінеді.

Композицияны күрделендіру үшін бастауыштары (начертания) әртүрлі етіп өзгертуге болады. Мысалы, Fact фирмалық гарнитурасында ондаған нұсқа бар: жіңішке, кең, әртүрлі қалыңдықтағы әріптер.

befonts.com

Тағы бір тәсіл – визуалды иерархия құру үшін бірнеше үйлесімді шрифтті қатар қолдану. Мысалы, тақырып пен қосымша мәтін, негізгі ақпарат пен түсіндірме жазулар. Шрифттер бір-бірін әрі функционалдық, әрі эмоциялық тұрғыдан толықтыра алады. Айталық, нәзік курсивті классикалық шрифтпен ұштастыру – тепе-теңдікке қол жеткізудің бір жолы. Ортақ белгілері бар, бірақ айқын айырмашылығы сезілетін екі шрифттің үйлесімі шриф жұбы деп аталады.

Дизайн мен маркетинг тұрғысынан алғанда, шрифт брендтің тақырыбына, мәртебесіне, нарықтағы орны мен көңіл күйіне сай болуы тиіс. Мысалы, заңгерлік компанияға ашық, тым батыл шрифттер келмейді – мұнда ұстамды, дәстүрлі шешімдер орынды.

Сонымен қатар шрифт таңдау кезінде тасымалдаушы форматты да ескеру қажет. Кең әрі ірі әріптер билбордта жақсы көрінгенімен, сайттағы шағын баннерде оқуға қолайсыз болуы мүмкін.

Шрифттерді бір-бірімен қалай үйлестіруге болады

Шрифттер арасында контраст болуы маңызды, әйтпесе олар бір-бірімен «араласып», мәтінді қабылдауды қиындатады.

Әріптердің сан алуан жазылу формалары леттерингте жиі пайдаланылады. Түстер үйлесіміне де жіті назар аударған жөн. Кей жағдайларда ашық түсті тақырып пен ұстамды негізгі мәтін тиімді жұмыс істейді, мысалы, тауар карточкаларында немесе мәзірде дәл солай қолдануға болады.

behance.net

Түстер арқылы мағыналық блоктарды да ажыратуға болады: бір түспен – әрекетке шақыру немесе сатылым элементі, екінші түспен – тақырып пен негізгі мәтін. Айталық, «Сыйлық» және «Промокодты алу» жазулары ашық түспен беріліп, қалған ақпарат қара түсте ұсынылады. Ал акция туралы түсіндірме мәтін ұсақ әрі бейтарап шрифтпен жазылады.

Шрифт композицияларының мысалдары

Шрифтік дизайнның мүмкіндіктерін түрлі жобалардан байқауға болады. Мысалы, әдеби клубқа арналған көше баннерлерінде мәтіндер кітап сөресіндегі томдар секілді бірінің үстіне бірі «жинақталған». Үш түсті шешімде әр нұсқада мәтіннің орналасуы өзгеше.

behance.net

Center Square логотипінде атау мағынасы анимация арқылы ойнатылған: мәтін блогының ортасында бос шаршы орналасып, оның ішінде қозғалыс іске қосылады.

jkrglobal.com

Growfood бренді лаконикалық мәтіндік композицияларды түрлі түстерде қолданады. Жасыл реңктер экологиялық тазалық пен табиғилықты айқындаса, жазулар бренд құндылықтарын ашып, сатылымға бағытталған ойды жеткізеді: «Дайын тамаққа тапсырыс беру арқылы уақытыңызды үнемдейсіз».

shuka.design

Балаларға арналған күтім құралдарының қаптамасында (сусабын мен шашқа арналған маска) логотип пен атауға соған сәйкес қолжазба шрифттері таңдалған.

behance.net

Ал маркетингтік жазулар классикалық әрі ұстамды стильде берілген – бұл шешім композицияны теңестіреді.

Сондай-ақ кинотеатр, косметика, тағам, мерч өнімдері, театр постерлері мен көрме плакаттарында шрифтік композициялар брендтің мінезін, көңіл күйін және идеясын айқын жеткізу құралына айналған.

behance.net

Көріп отырғанымыздай, шриф композицияларын кез келген салада – дербес дизайн элементі ретінде де, иллюстрация, фото немесе паттерндерге қосымша ретінде де қолдануға болады.

shuka.design/work/plates 

Ең бастысы – шрифттерді дұрыс таңдап, оларды брендтің жалпы концепциясына үйлесімді енгізу.

Бұған дейін қалай тәлімгер табуға болатыны туралы жазғанбыз.

Ал биыл көктемде сәнге айналатын киім үлгілері жайлы мына сілтемеден оқыңыз.