2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайМәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин туған ағасы Арғын Нығматулинге тағылған айып белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің Бас прокуратурасы 69 жастағы оның қандай іс бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеуде. Сондай-ақ, аталған істе тағы бірнеше күдікті бар болуы мүмкін.
Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Арғын Ниғматулин мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Ниғматулин күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды», - деп жазылған прокуратура таратқан ақпаратта.
Бұрын Мәжіліс және Сенат дептуты болған ағайынды Нұрлан мен Ерлан Нығматулиндердің туған ағасы Арғын Нығматулин Қарағандыда «Сарыарқа» хоккей клубының құрып, басқарған. Ал 2018 жылы аталған клубтың басшысы қызметінен кеткен көрінеді.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат