Әрбір адам жасауға тиіс 7 тізім

15 Тамыз 2017, 16:48 12982

Уақытыңызды пайдалы әрі қызықты өткізіңіз!

Бұл тізімдер біздің күнделікті өмір сүруімізді жеңілдетіп қана қоймай, уақытымызды пайдалы әрі қызықты өткізуге көмектеседі.

1. Креативті ойлар

Керемет идея ойыңызға сап ете қалғанда қағазға түсіре қойыңыз. Себебі, қарбалас тірлікте оны есте сақтап қалу мүмкін емес. Креативті ойлар – креативті өміріңіздің белгісі.

2. Кітаптар тізімі

Кітап оқу – өлшенбес құндылық. Сол үшін жиі кітап оқуға дағдыланыңыз және де кітаптардың тізімін жасап жүріңіз.

3. Қызықты оқиғалар

Бүгінге дейін барған қызықты жерлеріңіздің, сол секілді бастан кешірген қызықты оқиғаларыңыздың тізімін жасау керек болса, тізіміңіз тым қысқа болуы әбден мүмкін. Сіз қазірден өміріңізді қызықты етіп өткізуге алғашқы қадам жасаңыз.

4. Ағымдағы мәселелер тізімі

Күнделікті мәселелер – тізіміңіздің маңызды бөлігі. Себебі, ол мәселелерді рет-ретімен жаза отырып, сіз дұрыс шешім шығаруға үйреніп, уақыт үнемдейсіз.

5. Фильмдер тізімі

Уақытыңыз бола қалса, теледидар алдына отырып, кез келген фильмді көрмей,  пайдалы, өмірлік мәні бар фильмдердің тізімін жасап, соларды қараңыз.

6. Арман-тілектер тізімі

Ешнәрсеге құлышынысыңыз болмаса, нағыз күйзелістің «көкесі» деп біліңіз. Сол үшін өз тілектеріңіздің тізімін жасап, соған қарай ұмытылыңыз.

7. Қара тізім

Қара тізім туралы да ұмытпаңыз. Мәселен, бүгін артық тамақ ішпейін, ғаламторда көп отырмайын, уақытылы ұйықтайын деген шарттарыңызды жазып отырыңыз.

Ал сіздің тізіміңіз қандай?

Дана Мәулен
Бөлісу: