Әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа тап болады – Марат Әбішев

21 Қараша 2023, 17:56 1204

Отбасылық зорлық-зомбылықтың салдарынан елімізде жыл сайын кем дегенде 80 әйел көз жұмады. Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марат Әбішевтің сөзінше, елімізде жыл сайын 150-ге жуық әйел ауырып, 200-ге жуығы орташа және 4000-нан астамы жеңіл жарақат алады. Күн сайын полицияға 300 хабарлама түседі.

Олардың әрқайсысы алаңдатарлық жағдай – әйелдер мен балаларды ұрып-соғу, мүгедекке айналдыру немесе өлтіру. Жыл басынан бері әкімшілік жауапкершілікке 50 мың адам тартылса, қылмыстық жауапкершілікке 700 адам тартылды. Соңғы 5 жылдың ішінде халық саны 10 пайызға өсті. Ал қылмыстық құқық бұзушылықтар 7 пайызға төмендеді. Қалай болғанда да бұл сандар нақты көріністі көрсетпейді. Негізінен отбасындағы жанжалдар көбінесе құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметкерлер назарынан тыс қалып жатады. Тіпті жүйелі түрде ұрып-соғу, қорқыту, психологиялық зорлық көрсету болса да. Сарапшылардың пікірінше, әрбір үшінші әйел мұндай жағдайға тап болады, - деді Бас прокуратура өкілі.

Марат Әбішевтің сөзінше, 2022 жылы 2749 отбасылық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген адамға әлеуметтік көмек көрсетілген. Дегенмен зардап шеккендер саны аталған көрсеткіштен 13 есеге артық болған.

Ресми санақ бойынша, өткен жылы отбасылық зорлық-зомбылықтан 38 мың адам зардап шеккен. Олардың ішіндегі 35 мың жәбірленуші олармен (абьюзермен – ред.) бір шаңырақтың астында тұрып, зорлық-зомбылық жасаушылардың азабын тартуға мәжбүр болып отыр, - деді ол.

Миражан Махан
Бөлісу: