Әрбір адам Жаңа Қазақстанды жасауға үлес қосуы керек — кәсіпкер

19 Наурыз 2023, 21:52 1797

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов өзінің азаматтық борышын орындап, дауыс бергенін айтты берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Мен Алматы қаласындағы өзім тіркелген сайлау учаскесіне барып таңдауымды жасадым. Бірақ Алматы қаласының азаматтары өз белсенділігін аса бір көрсетпейді. Себебі шаһар тұрғындарының кәсіпкерлері Қазақстанның 30-40 пайыз салығы мен бизнесімен жұмыс жасап жүргендіктен, демалып жатқан болар. Белсенділік жылдағыдан аз. Негізінде олар өз ойларын білдіру керек деп есептеймін. Бұл бір жағынан мәдениетіміз бен сауатымызды дамытады және қажет дүние деп ойлаймын", - дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, ол әрбір адам Жаңа Қазақстанды жасауға үлес қосуы керек. Бұл бір күнде бола салатын дүние емес. Сонда ғана біз өзгереміз деп пікірін білдірді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: