Арақтан бас тартқан 100-ге жуық ауылда қылмыс азайып кетті

11 Сәуір, 15:03 853

Ішкі істер министрі Игорь Лепеха Қазақстанда 97 ауыл ішімдіктен бас тартқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде 97 ауылдың тұрғындары ішімдік ішуден бас тартқан. Олардың қатарында Қарағанды облысында – 50 ауыл, Түркістан облысы – 7 ауыл, Қостанай облысы – 6 ауыл, Ақтөбе облысы – 5 ауыл, Жамбыл облысы – 5 ауыл, ШҚО – 4 ауыл, Қызылорда облысы – 3 ауыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары – 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстары – 1 ауылдан бар.

Бұл шағын ауылдар. Ондағы халық енді ішпейміз деп шешім қабылдаған. Бұл олардың бастамасы. Біз осындай бастама көтерілген соң мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде онда құқық бұзушылық бірнеше есе азайғанын байқадық. Ішімдік сатылмайды. Олар бізде «сухой закон» болады деп шешкен. Ішімдікті сатып алмайды және сатпайды, – деді Игорь Лепеха.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: