Арабтар Мессиге ұсыныс жасады

22 Мамыр 2023, 02:29 540

Сауд Арабияның «Әл-Хилал» футбол клубы ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессиге ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клуб Мессиді өз командасына қосуға ниетті. Сол үшін оған ұсынған ақысын тағы өсіреміз деп отыр. Осылайша, бір маусымға 500 миллион еуро төлеуге дайын. Бұл футбол тарихындағы ең үлкен келісімшарт болуы мүмкін.

Дегенмен Лео испаниялық «Барселонаға» да оралуы ықтимал.

Аргентиналық шабуылшы ПСЖ сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Ал оның келісімшарты келесі жылы аяқталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: