22.07.2025
09:25
684
Ара шаққан екі жастағы бала көз жұмды

Ара шаққан екі жастағы бала көз жұмды

Таиландта қайғылы жағдай тіркелді: екі жасар Акин есімді баланы шамамен 60 ара талаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өкінішке қарай, бала дәрігерлер көмегіне қарамастан көз жұмды. Бұл туралы Thaiger басылымы жазды.

Оқиға мектеп маңында болған. Акин өз қатарластарымен бірге велосипед теуіп жүрген кезде кенеттен аралар тобы шабуыл жасаған. Бала бірден есінен танып қалған. Оқиға орнына жүгіріп келген әкесіне де жәндіктер шабуылдапты.

Баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, ара уы баланың ағзасында жедел бүйрек пен жүрек жеткіліксіздігін туындатып, өлімге себеп болған.

Бұған дейін Маңғыстауда баланы автобус қағып кеткені туралы жазған едік.