Қарағандылықтар әлуметтік кәсіпкерліктің негізін меңгерді

1 Қазан 2019, 12:32 2214

Қарағандының Достық үйінде «Social Trust» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің» семинары өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, аталмыш жобаның негізгі мақсаты – қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған, әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға, бизнес негіздерін үйренуге, жеке бизнес ашып, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және инновациялық идеяларды жүзеге асыруға талпынған болашақ кәсіпкерлерге практикалық түрде көмек көрсетіп, кеңес беру.


Семинар барысында этномәдени бірлестік өкілдері, зейнет жасынан асқандар, жаңа кәсіп бастаушылар және жоғарғы оқу орындарының түлектерінен құралған қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің негізі жайында теориялық және практикалық білім алады, бизнес-жоспарлауды және өндірістік шеберханаларды құру дағдыларын үйренді.

Жоба жергілікті қоғамның дамуына үлес тигізіп, өз бизнесін ашуға талпынған кез-келген жастағы және топтағы азаматтарға бағытталған. Семинар бағдарламасы арнайы таныстыру презентацияларынан, дискуссиялардан, тәжірбиелі кәсіпкерлермен еркін форматта кездесу, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаушы ұйым өкілдерімен сұхбаттан тұрады.


Social Trust мектебінің тренері – Эмин Аскеров – Шығыс Гуманитарлық институтның «әлеуметтік жұмыскер» мамандығының түлегі, 100 жаңа есім жобасының үздігі және Қазақстандағы бірегей пилоттық жоба – әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы.

Бүгінде аталмыш шеберхана жеті бағытта қызмет етеді: ағаш шеберлігі, дәнекерлеу және тігін цехтары, сайттарды құру бойынша IT қызметтері, тоқу және қабырғаларды безендіру, полиграфия. Әлеуметтік шеберхана халықтың әлеуметтік осал топтарын оқыту және жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді және мұнда 34 қызметкер жұмыс істейді, оның 29-ы әлеуметтік санатқа жатады.


Бөлісу: