Қарағандыдағы Ашық есік күні және дөңгелек үстел

6 Тамыз 2018, 10:48 1810

3 тамыз күні Республика көлемінде Медиация күнінің аталып өтілуіне байланысты Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  Достық үйінде Ашық есік күні, Дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты медиация жайлы толық әрі жан-жақты ақпарат беріп, әртүрлі дау-дамайды сотқа жеткізбей бітімгерлікпен шешуді насихаттау және түсіндіру.

Қазіргі уақытта Қазақстанда медиация институтының жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Оның маңыздылығы туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР «Медиация туралы» Заң қабылданған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында  Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысының маңызды бағдары — қоғамдық келісім кеңестері, қайырымдылық және медиация жұмыстарын күшейтуі қажет, — деп тапсырма берген болатын. Елбасы осы мәселеге үлкен зер салып, медация тәсілі адам құқықтарын ең қымбат қазынасы ретінде қастерлейтінін, мемлекеттің алғы шарты болу тиіс екенін атап көрсеткен болатын. Сондықтан елдегі медиация институтының дамуына барынша қолдау көрсетіліп, медиацияның кеңінен қанат жаюына ықпал ету қажет, — деді. Өйткені медиацияның біздің елімізде болашағы өте зор.  Облыстық, қалалық, аудандық  сот, прокуратура, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ҚХА белсенділері, облыстың құрметті азаматтары қатысқан дөңгелек үстел модераторы ҚХА мүшесі, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор В. Молотов-Лучанский болды. Шара барысында аталмыш күннің қарсаңында кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың арнай мақалалары жарияланған өңірлік «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттері таратылды.

Аталған маңызды шарада Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары «Понтос» грек мәдени орталығының»  төрайымы Касапиди Деспина, Қарағанды облысы сотының соты Л. Баян, «Дау-дамай шешу институты» ЖМ негізін қалаушы және директоры А. Пак, «Партнеры» Хұқық және медиация орталығының» кәсіби медиаторы Е. Ахметова, Қарағанды Қазтұтынуодағы Экономикалық Университеті ӘЖ және ҚХА кафедрасының профессоры М. Клишина баяндама оқыды. Осындай Ашық есік күні Жезқазған, Сәтбаев қалаларында да болып өтті.Тұрғындар отбасылық, еңбекақыға байланысты, тұрғын үй дау-дамайлары жайлы кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың кеңесін тыңдады.

Татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықты дауды сотқа дейін реттеуге мүдделі етуге, қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге оң ықпал ететін қанатқақты жобаның аталған Заңмен  замана талабымен сай үйлесімді үндесетік табатыны анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: