Қарағандыда татарлардың ең тәтті мерекесі - «Чак-чак байрам» аталып өтті

26 Қараша 2019, 17:16 3115

«Қазақстан татар және башқұрт конгресінің» Қарағанды облыстық филиалы ең тәтті мереке саналатын «Чак-чак байрамын» атап өтті.


Өздерінің достарына қолдау білдіруге басқа да этномәдени бірлестіктердің өкілдері келді. Татар шығармашылық ұжымының орындауында халық әндері шырқалды. Аталған шараға қатысушылар чак-чак мерекесінің басты тағамдарын және татарлардың халықтық әдет-ғұрыптары мен ұлттық киім үлгілерін көрсетті.       


Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мейрам біздің қонақжай еліміздегі барлық азаматтардың басын қосатын айтулы оқиға саналады, сондықтан да оған қатысушылар көңілді ән айтып, би билеп, тәтті тағамдардан дәм татулары керек.


Мерекелік басқосуға қатысушыларды Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын шын жүректен құттықтап, өзінің ізгі ниетін білдірді:

«Ықылым заманнан бері этностық мейрамдар әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, түрлі діни наным-сенімдегі адамдардың бастарын біріктіруге, олардың өзара қарым-қатынастарының нығая түсуіне ықпал етіп келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елімізде әр этностың мәдениетін дамытуға нақты мүмкіндіктер қарастырылған. Татар этносы тәуелсіз Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Біртұтас тату-тәтті отбасында барлығымыз бірлесе еліміздің игілігі мен гүлденуіне, жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей атсалысып жатырмыз. Бүгінгі мерекелік шара соның бір айқын айғағындай», деді Е. Құсайын сөзін қорыта келе.


Бөлісу: