Қарағандының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында, облыс әкімдігінің және Мәдениет басқармасының қолдауымен «Ұлы дала перзенті» атты шертпе күй бойынша бірінші фестиваль өтті.
Ол танымал күйші және композитор Сембек Айдосұлының 155 жылдығына арналды. Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 13 орындаушы қатысты. Олардың ішінде арнайы шақырылған белгілі өнертанушылар - «Жыр қағаны» ақындар байқауының жеңімпазы Айдын Байыс, күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбаев, өнер қайраткері Болат Тәкішев, сондай-ақ, дәстүрлі әншілер Медет Осатаев пен Айгүл Бақторазқызы қатысты.
Өнер мерекесінің мақсаты - мәдени мұрамызға жаңаша рух беріп, сол арқылы жастардың санасына сіңіріп, күй өнерін, әсіресе Арқа шертпе күй өнерін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Шараға Сембек Айдосұлының ұрпақтары да қатысып,ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.