Қарағандыда «Мен қазақша сөйлеймін акциясына» қатысушылар бейнесюжеттер мен театрландырылған қойылымдар ұсынды

1 Желтоқсан 2018, 03:55 2600

Қарағандының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бір айға жуық созылған «Мен қазақша сөйлеймін» акциясысының қорытындысы шығарылды.

Қарағанды облыстық тіл басқармасымен бірлесе жүзеге асқан шараға аймақтың түкпір-түкпірінен этномәдени орталық өкілдері, мемлекеттік ұйым қызметкерлері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Шараның мақсаты-мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, этностар арасында қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін арттыру және қазақстандық бірегейлікті нығайту. Акция барысында сауда үйлерінде, мекемелерде, оқу орындарында үнпарақтар мен қазақ тіліндегі өлеңдер, мақалдар жинағы таратылған болатын. 

Мемлекеттік тілге деген қызығушылығын білдіргендер өте көп болды. Олар бейнесюжеттер мен театрландырылған қойылымдар дайындады. Мысалы,  «Рідне слово» украин орталығының мүшесі Оксана Менделюк Абайдың әнін орындаса, кішкентай Арина Қазақстан туралы тақпақ оқыды. Қаладағы 101 мектеп-лицей оқушылары «Қазақ тілінің жеті кереметі»  атты қойылым ұсынды.

Үздіктер алғыс хаттармен марапатталды. Шара "Этномәдени бірлестіктер жанындағы оқыту курстарында мемлекеттік тілді және ана тілдерін оқытудағы өзекті мәселелер» атты семинармен жалғасты.

Бөлісу: