Қарағандыда ҚХА жастар қозғалысы жаппай даму үстінде

16 Қазан 2018, 02:45 1629

Елбасы Жолдауы жастарға жаңа серпін мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қарағанды облыстық ҚХА Жастар бірлестіктерінің үйлестіру Кеңесі мен Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының  Достық үйінде өткен кезекті жұмыс отырысында жиналған Кеңес мүшелері осылай дейді.

Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Жұпар Базарова мен осы мекеменің «ҚХА құрылымдары мен іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің» басшысы Ләззат Керейбаева, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, Қарағанды қаласы ЖОО студенттері қатысқан Кеңес отырысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауындағы жастарға қатысты тармақтары талқыланып, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының алдындағы міндеттері мен мақсаттары, «Жарасым» студенттер клубының ашылуы жайлы кеңірек айтылды, сондай ақ, 2019 жылға жоспар бекітілді.

Кеңес төрағасы Александр Урмашов осы уақыт аралығында аймақтағы ЖОО әкімшіліктерімен бірлесіп атқарылған бірқатар шараларға тоқталды. «Бүгінде ҚХА жастар қозғалысының алдында біраз жоспарлар бар, олар күн тәртібімізде үнемі тұрады. Қазан айының соңында аталған бағыттарда ҚММУ жанына «Жарасым» студенттер клубы ашылмақ, ал қараша айында академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ мен Болашақ академиясында, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде ашуға оқу орындарының басшылығымен келісімге отырдық»,- деді А.Урмашов.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Темірлан Саматов  өңірдегі жастар арасында салауатты өмір салтын сақтау бағытындағы атқарылған насихаттық жұмыстарды атап көрсетті.  

 Жиналғандар бұдан былай нәтижелі жұмыс атқару үшін Кеңес пен басқарма арасында ортақ меморандумға отыру қажет деген пікірді бірауыздан қолдады. Болашақ елдің тұтқасы - жастардың әрбір тарихи жағдайға баса мән беріп, тереңдей түсінікке бойлап, тек тыңдау арқылы ғана емес, шынайы іс жүзінде жүзеге асырылуы керек екенін алға тартқан дөңгелек үстел қатысушылары  отырысты  қорытындылай келе, 2019 жылға жоспар бекітіп, Президент Жолдауындағы айтылған   маңызды жұмыстардың атқарылуында бір-біріне сәттілік тіледі..

Бөлісу: