Қарағандыда «Ел жүрегі – Астана» акция-концерті өтті

26 Шілде 2018, 01:50 1553

Ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-мәдени бірлестік мүшелерінің қатысуымен патриоттық «Ел жүрегі – Астана» акция-концерті өткізілді.

Бүгінде Астана қаласы — 200 шаршы метрден асатын үлкен мегаполис. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атағы мен медаліне ие болды. Бас қаламыздың мерейлі мерекесіне арналған концерт «Қуаныш»  ансамблінің би шашуымен ашылды.

Сондай ақ, аталмыш шарада этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, атап айтсақ, «Казачья Вольница», «Дакия», «Хайдакъ», «Вайнах» және басқалар өнер көрсетті.

Қарағанды облысы атынан елордамыздың 20-жылдық мерейтойына 1 шілде күні облыс әкімі Ерлан Қошанов, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-мәдени орталық өкілдерімен бірге «Ұлытау» аллеясы мен «Қазақ еліне мың алғыс» монументін  сыйға тартқан болатын. Концертте

сахналанған үш баласы (корей ұлы, шешен ұлы, орыс қызы) бар «Жер-Ана» бейнесі қонақтар мен көрермендерге Астанадағы ескерткіштің өзі сияқты әсер етті. Айшат Құттыбаеваның «Қазақ елі осындай» әнің орындауымен флеш-моб билеген жастар және Астана қаласында тұрып жатқан қарағандылық жерлестеріміздің  ​бейнежазба арқылы құттықтау сөздері  ерекше қуаныш сыйлады.

Мерекенің құрметті қонағы — Қазақстандық боксшы, жерлесіміз, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев болды.

Мерейтойға арналып 24 шілде күні облыс орталығындағы сауда үйлерінде «Бас қала туралы біз не білеміз?» атты баспа буклеттерін тарату бойынша акция ұйымдастырылған болатын.

Мерекелік іс-шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелеріне Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хаттары тапсырылды. Марапаттау рәсімін  ҚХА аймақтық төрағасының орынбасары Д. Касапиди өткізді.

 

Бөлісу: