Қарағандыда Дағыстан халқының этносына арналған мерекелік концерт өтті

1 Қазан 2018, 05:18 2304

Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Дағыстан халқының этносына арналған «Дала мен тау жүрегімде» атты мерекелік концерт өтті.

Ол «Хайдакъ» ансамблінің би шашуымен ашылды. 

Сондай ақ, аталмыш шарада этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары – «Корея», Полония», «Эребуни», «Хайдакъ», «Вайнах», «Кореяна», «Украинский культурный центр им. Т.Г. Шевченко» – өнер көрсетті. 

Мерекелік іс-шара соңында ҚХА аймақтық төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков  Қазақстан Ассамблеяның белсенді мүшелеріне Қоғамдық келісім мекемесінің атынан Алғыс хаттар тапсырды.

Қазақстанда дағыстандықтардың алар орны ерекше. Елімізде күн кешіп, қызмет қылып, ұрпақ өсіріп жатқан 12 мыңнан астам дағыстандық бар, оның екі мыңы – Қарағанды облысында.

Елімізде тұратын дағыстандықтардың арасында атағы көпке танылып, еңбегімен елге үлгі болып жүргендері аз емес.

Бөлісу: