Қарағандыда ардагерлер мен жастардың «Ұрпақтар байланысы» атты форумы өтті

2 Қазан 2018, 09:46 2043

Қарағандыда 1 қазанда Достық үйінде қарттар күніне орай «Ұрпақтар байланысы» атты  ардагерлер мен жастардың екінші қалалық форумы өтті.

Аталған жиын «Біз бірлесе көп нәрсеге қол жеткіземіз» айдарымен өткізілді.

Ардагерлер аталған жобаның маңыздылығы мен пайдалылығы туралы өз пікірлерін білдірді. Мерекелік шарада ардагерлер хоры мен вокалдық топтың, Марат Бекішевтің  қатысуымен концерт өтті.

Ұйымдастырушылар концерттен кейін Қарағанды қаласының жаңа келбетімен ардагерлерді танысыруды ұйғарып, қаланың 7 бағыты бойынша қоғамдық көлікпен саяхат ұйымдастырды. Қарттар облыс орталығының көрікті жерлерін аралап көрді.

Зейнетке шығып, үйден шығу қиындық туғызып жүрген оларға арнайы дайындалған «Болашақ» адемиясының нұсқаушылары жол көрсетіп, қала деңгейіндегі оң өзгерістер туралы айтып мазмұндап берді.

Бөлісу: