Қарағанды полицейлері 6 бас жылқы етін тасымалдаған барымташыны ұстады

16 Қыркүйек 2022, 15:12 1068

Қарқаралыдан Қарағандыға қарай бағыт алып келе жатқан Газель автокөлігін тоқтатқан

Қарағанды облысының полицейлері 6 бас жылқы етін тасымалдаған барымташыны ұстады, деп хабаралайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 қыркүйек күні Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жол патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қарқаралы-Қарағанды тас жолында қызмет атқарған. Сағат 11.00 шамасында полиция наряды Қарқаралыдан Қарағандыға қарай бағыт алып келе жатқан Газель автокөлігін тоқтатқан. 45 жастағы азаматтың басқаруындағы ауыр көлікті тексеру барысында оның 6 бас жылқы етін әкеле жатқанын анықтаған. 

Алайда көлік жүргізушіде жылқы етіне ветеринарлық анықтамалар болмаған және ол полиция қызметкерлеріне етті өзінің малдары екенін айтқан. Десе де полиция қызметкерлері аталған көлікті жүргізушісімен бірге мән-жайды анықтау мақсатында Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына жеткізіп, тасымалдап келе жатқан ет өнімдерінің құжаты болмағандықтан 45 жастағы азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 406-бабына сәйкес хаттама толтырып, жөніне жіберді.

Алайда хаттама толтыру барысында бұл оқиға криминалдық полиция қызметкерлеріне күдік тудырып, олар ет өнімдерін және көлікте болған жылқының үш басын фото және бейнематериал ретінде түсіріп, Бұқар-Жырау және Қарқаралы қаласының WhatsApp чаттарына жолдаған. Арада бірнеше уақыт өткенде Қарқаралы аудандық полиция бөлімінен 6 бас жылқы малының ұрланғаны туралы ақпарат түскен. Сондай-ақ, жәбірленушілер WhatsApp чатта тараған бейнежазба арқылы өз малдарын таныған. Бұл жылқылардың қыркүйек айының 14 нен 15 қараған күні Қарқаралы қаласының жайылымынан жоғалғаны белгілі болды. 

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллион 750 мың теңгені құраған. Сол күні криминалдық полиция басқармасымен патрульдік полиция қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру іс-шаралары барысында жоғарыда аталған Газель автокөлігімен оның 45 жастағы жүргізушісі ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1 «Мал ұрлығы» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Айта кету керек, жыл басынан бастап мал ұрлығының алдын алу, ет өнімдерін құжатсыз тасымалдаудың алдын алу бойынша Қарағанды облысында 20 мыңнан астам автокөлікке тексеріс жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар үнемі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап мал ұрлығының алдын алуға байланысты облыс бойынша жылжымалы блок-бекеттер жұмыс жасайтын болады.

Бөлісу: