Қарағандыдағы Достық үйінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім КММ директоры Ерлан Құсайынның жетекшілігімен аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Алқалы жиынның күн тәртібіндегі басты мәселесі – қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасын сайлау болды және оған бірауыздан Бекзат Алтынбеков ұсынылып, тағайындалды.
Бекзат Қомарұлы талантты жастарды қолдап жүрген, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп жүрген меценат. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» және «Ұлт мақтанышы» медальдарының иегері. Бірнеше мәрте Президенттің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Сондай ақ, осы уақытқа дейін аталған Кеңестің атқарған жұмыстары мен Теміртау, Шахтинск қалаларындағы қоғамдық Кеңес тәжірбиесімен бөлісу мәселелері қаралды.
Қоғамдық келісім Кеңестері осы уақыт ішінде бірнеше шаралар мен дөңгелек үстелдер өткізіп, жаңа жоспарлар құрып, іске асыруда. Ауылдық жерлердегі Кеңестерде мыңнан астам іс-шара өткізілді.