Қарағанды облысында ұлттар мәдениетінің VII облыстық дәстүрлі студенттік фестивалі өтті

10 Желтоқсан 2018, 05:28 3464

Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған ұлттар мәдениетінің VII облыстық дәстүрлі студенттік фестивалі өтті. Биыл шараға облыстың 17 колледжінің өкілдері қатысты. 

Фестивальдің өткізілуіне Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Саран қаласы мәдениет үйі, «Видергебурт» неміс мәдени орталығы, «Жас Отау» этно-мәдени қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті.

Шығармашылық ұжымдар әртүрлі бағытта өз өнерлерін ортаға салды: хор және вокалды топтар, жеке вокалды орындау мен аспаптың сүйемелдеуімен орындау, хореография-әлем халықтарының билері, дәстүрлі музыкалық-би композициялары, сондай ақ, этностардың салтын насихаттайтын фотокөрме. Қорытынды бойынша үздік ұжымдарға естелік сылықтар мен сертификаттар табысталды.  

Аталған шара - еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің ырыс ынтымағы мен берік достығының жарқын көрінісі.

Бөлісу: