Қарағанды облысында қаржы пирамидасының жолы кесілді

19 Қыркүйек 2022, 10:01 1652

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мәлімдеді

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және пайдалану фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тергеу барысында әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркелген WhatsApp мессенджер қосымшасын пайдалану арқылы 5 жоба атауының негізі қаланды.

Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестиция тартқан, жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейін аралықта салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен.

Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады»,-делінген хабарламада.

Бөлісу: