Қарағанды облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық тобының отырысы

24 Қыркүйек 2018, 04:19 2342

24 қыркүйек күні Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының кезекті отырысы өтті.  

24 қыркүйек күні Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа нормаларын түсіндіру» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Казақтану» жобасын іске асыру туралы» мәселелер талқыланды.

«Қазақтану» - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында бастамашылық жасалған Қазақстан этностарының арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған ҚХА-ның   ғылыми-ағартушылық жобасы.  Жобаның басты мақсаты — қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайту.

Отырыстың модераторы ретінде облыстық ҚХА ҒСТ төрағасы В.Б. Молотов-Лучанский аталған алқалы жиынды жүргізіп отырды. ҚХА Төрағасының орынбасары В.И.Тварионас мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің» басшысы Д.Б. Малаев  баяндама оқып, отырысқа қатысушылар ойларын ортаға салды. Сондай ақ жиын барысында  пікір алмасу, ұсыныстар да айтылды. Бұған қоса, отырыста Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жоба конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Негізінен аталмыш жобаның міндеттері, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа форматы аясында қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат саласында талантты жас ғалымдарды және сарапшыларды қолдау, қазақстандық бірегейлілікті нығайту мақсатында оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әзірлемелерді жариялауға ықпал ету. 
 

Қоғам қайраткерлері, ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, Қарағанды облысының ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысқан конкурс комиссия құрамына ғылыми-сараптамалық топ мүшелері кірді.  Конкурс нәтижесі бойынша келесі жобалар үздік деп танылды:
I орын. «Бiрeгeйлiк пeн бiрлiктiң қaзaқcтaндық мoдeлi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында». Жоба авторлары: Ж. Тусупбеков - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты, Л. Кожакметова -академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, география факультетінің оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
II орын - «Ассамблея народа Казахстана: от времени создания до современности». Жоба авторлары: Г. Рысмагамбетова - «Болашақ» Академиясының бірінші проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, А. Аупенова - «Болашақ» Академиясының оқытушысы, құқық магистрі.
III орын - «Мәдени құндылықтар арқылы ұлттық сана-сезімді қалыптастыру». Жоба авторы: М. Қусайынова - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Үздік ғылыми жұмыстармен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жоба конкурсының материалдар жинағында танысуға болады. 

Бөлісу: