Әр балаға 70 мың теңге беріледі ме? Тамара Дүйсенова жауап берді

19 Сәуір 2023, 13:11 2733

Бұл туралы кеңейтілген Үкімет отырысынан кейін кулуарда журналистердің сұрағына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды. Себебі бізде жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар бар  Механизмдерін жетілдіру бойынша депутаттармен бірлесіп жұмыс істейміз, - деді ол.

Министрдің айтуынша, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарды анықтап, кім жұмыс істей алмайды, оның қандай себебі бар, соны анықтап, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы қарастырып жатыр екен. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар студенттердің жатақханасын субсидиялауды қарастыратынын айтты.

Өткен жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп мүмкіндгі шектеулі азаматтар пәтерде тұратын болса, 50% жалдау құнын төлеуді қарастырғанбыз. Бұл мәселені де қарастыруға болады. Еліміздегі 1,5 миллион жастың барлығының статусын анықтап шықтық. Соның ішінде 400 мыңнан астам NEET жастар бар екен. "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" бағдарламаларына 130 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Электронды биржада 100 мыңға жуық бос вакансия бар. Осы үш айдың ішінде 861 жасты өз өңірінен басқа өңірге жұмыс істеуге жібердік, - деді Тамара Дүйсенова.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: