Ақжол Мейірбековтің әйелі әншінің неден қайтыс болғанын айтты

21 Қыркүйек, 13:47 2687

Қазақстандық танымал әнші Ақжол Мейірбековтің әйелі Шәрипа Мейірбекова «Астарлы ақиқат» бағдарламасына берген сұхбатында 50 жыл отасқан күйеуінің неден қайтыс болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марқұм Ақжол Мейірбековтің әйелінің айтуынша, «Дос-Мұқасан» тобының солисі қатерлік ісікпен ұзақ уақыт күрескен. 

Оған үш жыл бұрын отандық дәрігерлер тері ауруының қатерлі ісігі деген диагноз қойды. Аяғындағы қатерлі ісік соңында өліміне себеп болды. Бірақ Ақжол мойымады. Отандық медицина қызметкерлеріне сеніп, шетелге де бармады. Өмірінің соңына дейін ән айтып жүрді ғой. Ештеңеден қорықпайтын. Дәрігерлердің айтқанын екі етпей істеді. Ауруханаға жатып, ісікті емдеді. Кейін алдырып тастады. Үш жыл үзбей химия терапия алды, - деп еске алды ол.

Ауруы асқынған соң дәрігерлер өнер иесін үйіне шығарып, екі күннен кейін қайтыс болыпты. 

Соңғы кезде қатты шаршап, әлсіреп қалғанда тағы ауруханаға жатты. Сол кезде-ақ дәрігерлер үйге шығарды. «Мұсылманша жөнелткен дұрыс. Мына жақта сойып тастайды» деді. Үйге екі күн ғана қонып, аттанып кетті. Бәрі тез болды. Өзіміз де не болғанын ұқпай қалдық. Бір күні «Маған ризасың ба?» деп сұрадым, «Саған қалай риза болмайын?» деді. Сол сөзінен кейін ертеңіне жүріп кетті, - деді Шәрипа Мейірбекова.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: