16.09.2025
17:13
429
Ақырзаман: ғалымдар Жердің қай кезде жойылатынын болжады

Ақырзаман: ғалымдар Жердің қай кезде жойылатынын болжады

Жапония ғалымдары мен NASA мамандары Күннің Жерді қашан шөлге айналдыратынын есептеп шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әдетте ақырзаман жайлы түрлі болжам айтылады: метеориттің құлауы, ядролық соғыс немесе жатжерліктердің басып кіруі. Алайда шындық одан да қарапайым әрі қорқынышты – басты қауіп дәл төбемізде тұр. Ол – Күн. Ғалымдар осылай деп мәлімдеме жасап отыр.

Жапон зерттеушілері NASA-мен бірлесе жүргізген есеп бойынша, 1 000 002 021 жылы Жер бетінде тіршілік мүлде жойылады.

Күн біртіндеп ұлғайып, бұрынғыдан да жарық бола бастайды. Соның салдарынан Жердің температурасы шектен тыс көтеріледі, ал атмосферадағы оттегі мөлшері күрт азаяды. Алдымен өсімдіктер жоғалады, артынан жануарлар, ең соңында адамдар жойылады. Атмосфера тыныс алуға мүлде жарамсыз газдардың қоспасына айналып, Жер күйіп кеткен н шөлге ұқсайды, – дейді ғалымдар.

Айта кетейік, бұл жағдайға дейін әлі миллиардтаған жыл бар. Бірақ ғалымдар мұның бәрі Жердің «пайдалану мерзімі» бар екенін көрсетеді деп отыр.