Ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы қайтыс болды

17 Мамыр 2023, 15:12 13083

Айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазиннің анасы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақынның әріптес достары жазды.

Жақында ғана қапияда, белгісіз жағдайда қаза тапқан жас өскін Әлихан Серікзатұлының әжесі Сәжида ана да «жарық жалғанға қош айтыпты» деген жаманат хабар келді. Жан дегендегі жалғыз ұлынан, аяулы анасынан айрылудың қандай екені айтпаса да түсінікті. Серікзат досым, қайғыны қара нар ғана көтереді деуші еді. Сен де нардың жүгін көтеріп жүрген азаматсың ғой. Бекем бол! Қайғыңа ортақпын!, - деп жазды журналист Нұртай Лахан .

Айта кетейік, биыл қыста ақынның  16 жастағы ұлы Әлихан Мақсұт оқыс жағдайда көз жұмған еді.

Алмас Абылай
Бөлісу: