Ақын Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толды

4 Ақпан, 10:47 902

Бүгін ақын және драматург Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30-жылдардың соңында Мұхтар Әуезов оның алғашқы шығармасын оқып, жас ақынның шығармашылық қабілетін байқаған.
 
Ақын «Комсомол сөйлейді», «Кешеден - бүгінге» публицистикалық поэмаларында кейіпкерлердің ойы, сезімі, толқынысын жеткізеді.

Сонымен қатар Әбділда Тәжібаев драматург ретінде де белгілі. Оның «Ақ қайың», «Гүлден дала!», «Майра», «Таныстар», «Жартас» және басқа пьесалары бар.
 
Қаламгердің сценарийі бойынша Н. Ф. Погодинмен бірге «Жамбыл» көркем фильмі түсірілді. Сондай-ақ А. Пушкин, А. Островский, Г. Гейненің туындыларын қазақ тіліне аударған.

1985 жылы белгілі ақынға «Қазақ ССР-інің Халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

Жансая Әділбек
Бөлісу: