2025 жылдың 29 қазанынан бастап «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ақылы жолдарда белгіленген жылдамдық шегін асыру деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) автоматты түрде жіберуді бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Енді көлік қозғалысының жылдамдығын бақылау арнайы орнатылған автоматты аркалар арқылы жүргізіледі. Жүйе көліктің нақты жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен салыстырып, бұзушылық анықталған жағдайда ақпаратты бірден ӘІБТ ПО базасына жолдайды.
Бұл қадам жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етіп, айыппұл рәсімдеу процесін ашық әрі әділ етуге бағытталған.
Жылдамдық бақыланатын учаскелер:
«Көкшетау – Петропавл» бағыты:
«Алматы – Қорғас» бағыты:
Жүргізушілерге арналған ескерту:
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жаңа жүйе жолдардағы қауіпсіздікті күшейтіп, апат санын азайтуға және республикалық маңызы бар трассаларда әділ әрі тиімді бақылау тетігін орнатуға мүмкіндік береді.